Шоу 19 қаңтар Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен алғанда 19 қаңтар таңғысын болады. Сағат 09:00-де басталатын жекпе-жекті QazSport арнасынан тікелей тамашалауға болады.
Бұл жекпе-жек үшін Конор Макгрегор шамамен 5 миллион, ал Дональд Серроне 2 миллион доллар алады. Сондай-ақ спортшыларға ақылы көрсетілім мен демеушілер қаржысынан да белгілі бір көлемде сыйақы төленеді.
Еске салайық, Макгрегор 2018 жылдың қазанында ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілген. Содан карьерасын аяқтағаны жайлы хабарлады. Кейін қайта оралды. Қазіргі таңда оның еншісінде 21 жеңіс, 4 жеңіліс бар.