MMA
9 желтоқсан 2022 17:24

Конор МакГрегордың октагонға кіммен шығатыны белгілі

©twitter.com/TheNotoriousMMA

Екі салмақ дәрежесі бойынша UFC промоушенінің чемпионы Конор МакГрегордың октагонға кімге қарсы шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Fightnews.info.

ESPN журналисі Чарли Мойнихан хабарлағандай, ирландиялық спортшы жеңіл салмақта титулға экс үміткер америкалық Майкл Чендлермен жекпе-жекке шығады. Мойниханның айтуынша, UFC президенті Дана Уайт бұл ақпаратты Бретт Окамотомен болған сұхбатында растаған.

Еске салайық, МакГрегор соңғы рет октагонға өткен жылдың шілде айында шығып, қатарынан екінші рет Дастин Порьеге жеңілген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport