Единоборства
3 сәуір 2018 11:21
 
Конор МакГрегор Хабиб Нурмагомедовпен кездесуден бас тартты

  Пікірлер

blog.share

Конор МакГрегор Хабиб Нурмагомедовпен кездесуден бас тартты Конор МакГрегор. Сурет: life.ru

UFC жұлдызы Конор МакГрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен бас тартты. Бұл туралы ресейлік спортшының өзі айтты, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы. 

"МакГрегорге қоңырау шалдық. Бірақ оның командасы салмағын ретке келтіріп үлгере алмайтынын айтты. Бір қызығы, ол жуырда ғана дайын болатынын хабарлаған еді. Қазір енді қайда ол? Әлі алты күн бар. Бұл уақыттың ішінде салмақты ретке келтіруге болады. 

Маған қарсыласым Макс Холлоуэй болады дегенде таңғалдым. Алдағы кездесуге оны шақыртады деп ойламадым. Себебі, оның жарақаты бар еді. Порье, Альварес, Петтис, Киеса, Яквинта немесе басқа спортшы болады деп ойлаған едім. Сондықтан Холлоуэйге қарсы шығасың дегенде шынымен таңғалдым", - деді Нурмагомедов. 

Еске салайық, 7-сәуір күні өтетін UFC 223 турнирінде Хабиб Нурмагомед Тони Фергюсонмен кездесуі керек болатын. Бірақ америкалық спортшы жарақат алып қалыпты. Осылайша бұл екі спортшы арасындағы кездесу төртінші рет кейінге қалып отыр. 

Енді алдағы турнирде Фергюсонның орнын Макс Холлоуэй басады. Дегенмен жекпе-жектің форматы өзгертілмейді. Нурмагомедов пен Холлоуэй жеңіл салмақта белбеуге таласады.

Жарнама

Живи спортом!