Единоборства
15 сәуір 2022 15:50

Конор МакГрегор ауыр жарақатынан кейін алғашқы спаррингін өткізді

©UFC

Екі салмақта UFC ұйымының чемпионы болған ирландиялық файтер Конор МакГрегор ауыр жарақатынан кейін алғашқы спаррингін өткізді. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

"Менің бірінші спаррингім", - деп жазды Конор МакГрегор әлеуметтік желісіндегі парақшасына бірнеше сурет салып. 

Еске салайық, МакГрегор соңғы айқасын өткен жылы 11 шілде күні UFC 264 турнирінде өткізді. Бұл кеште ол жеңіл салмақта ұйымның уақытша чемпионы америкалық Дастин Порьемен кездесді. Порье бірінші раунда жеңіске жетті. Осы айқас барысында Конор аяғын морт сындырып алды. Қазіргі уақытта ирландиялық файтер емделіп жатқанына байланысты ешқандай турнирге қатысып жатқан жоқ. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport