MMA
2 қараша 2020 13:21

Конор МакГрегор аралас жекпе-жекке қайта оралғанын хабарлады

Конор МакГрегор. Сурет: twitter.com/TheNotoriousMMA

UFC ұйымының екі салмақ бойынша бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор аралас жекпе-жекке қайта оралып, жеңіл салмақта өнер көрсететін хабарлады,- деп жазады Vesti.kz порталы. 

Ирландиялық спортшы қай ұйымда өнер көрсететін нақтыламады. Бірақ ол тесттен өтіпті. 

"McGregor FAST зертханасынан келдім. Денемді толық тексеріп, нәтижелері де шықты. Жеңіл салмақ, күт мені", - деп жазды Конор твиттер парақшасында. 



Еске салайық, маусым айында МакГрегор аралас жекпе-жектегі карьерасын аяқтағанын айтып еді. Кейін қыркүйек айында бокс ережесі бойынша Мэнни Пакьяомен, содан соң UFC өкілі Дастин Порьемен екінші рет кездесетінін мәлімдеді.