МакГрегордың аралас жекпе-жекке қайта оралатынын спортшының менеджері Оуди Аттар да растапты. Ол қазір ұйыммен келіссөз жүргізіп жатыр.
Ал ұйымның президенті Дана Уайт болса, Конор үшін келесі жылдың басына тосын сый жасап жатқанын айтты.
Айта кетейік, МакГрегор өзінің соңғы кездесуін 2020 жылдың 18 қаңтарында Дональд Серронеге қарсы өткізіп, бірінші раундта жеңіске жетті. Жалпы ол 26 кездесу өткізіп, 22 кездесуде жеңіске жетсе, 4 кездесуде жеңіліп қалған.