Единоборства
9 қазан 2020 18:10

Конор қайта оралды. МакГрегор Порьемен реванш өткізетінін мәлімдеді

Сурет: mmamania.com©
Екі салмақ бойынша UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор Дастин Порьемен реванш өткізу туралы ұсынысты қабылдағанын хабарлады,- деп жазады "Чемпионат" порталы. 

Ирландиялық спортшы Порьемен 2020 жылдың 12 желтоқсанында жекпе-жек өткізеді. Бірақ бұл Конордың постында UFC туралы бірде-бір жазба жоқ. Ал кейінірек Порьенің өзі МакГрегормен UFC ұйымында кездесу өткізуге келісім бергенін айтты. 

"Сәлем, Дастин. Мен UFC-дің сенімен жекпе-жек өткізу туралы жіберген ұсынысын қабылдадым. Жекпе-жек 2020 жылы өтуі керек. Жақында алған жарақатыма байланысты мен бұл кездесуге 21 қараша күні дайын боламын. Одан бөлек, желтоқсан айының кез-келген күнінде сенімен айқаса аламын. Дұрысы 12 немесе 19 желтоқсан болатын еді. Сондай-ақ, мен бұл кездесуден түсетін 500 мың долларды Good Fight Foundation қорына аударамын", - деп жазды МакГрегор Instagram парақшасында. 

Еске салайық, МакГрегор мен Порье арасындағы бірінші кездесу 2014 жылдың 27 қыркүйегінде өтіп, ирландиялық спортшының жеңісімен аяқталды.