Екі салмақ бойынша UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор Дастин Порьемен реванш өткізу туралы ұсынысты қабылдағанын хабарлады,- деп жазады "Чемпионат" порталы.
Ирландиялық спортшы Порьемен 2020 жылдың 12 желтоқсанында жекпе-жек өткізеді. Бірақ бұл Конордың постында UFC туралы бірде-бір жазба жоқ. Ал кейінірек Порьенің өзі МакГрегормен UFC ұйымында кездесу өткізуге келісім бергенін айтты.
"Сәлем, Дастин. Мен UFC-дің сенімен жекпе-жек өткізу туралы жіберген ұсынысын қабылдадым. Жекпе-жек 2020 жылы өтуі керек. Жақында алған жарақатыма байланысты мен бұл кездесуге 21 қараша күні дайын боламын. Одан бөлек, желтоқсан айының кез-келген күнінде сенімен айқаса аламын. Дұрысы 12 немесе 19 желтоқсан болатын еді. Сондай-ақ, мен бұл кездесуден түсетін 500 мың долларды Good Fight Foundation қорына аударамын", - деп жазды МакГрегор Instagram парақшасында.
Еске салайық, МакГрегор мен Порье арасындағы бірінші кездесу 2014 жылдың 27 қыркүйегінде өтіп, ирландиялық спортшының жеңісімен аяқталды.

Жарнама