"Көбінің сұрайтыны...". UFC-дегі қазақ спортшы баршаға қызықты сұраққа жауап берді

Ресейлік қазақ, ММА файтері Дамир Ысмағұлов UFC-дегі кезекті жекпе-жегі алдында өз ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ресейлік қазақ, ММА файтері Дамир Ысмағұлов UFC-дегі кезекті жекпе-жегі алдында өз ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Көбінің сұрайтыны, жекпе-жек алдында қандай ойлар келеді, не сезінесің және тағы сол сияқты. Көңіліңді өзге дүниелерге бұруға тырысасың, уақыты келгенде - айқасамыз, әл әзірге, серуен, әлемнің арғы бұрышында қалған туыстарға қоңырау шаламыз", - деп жазыпты ол Instagram желісінде.
UFC-де үш жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен Дамир кезекті айқасын 23 мамыр Лас-Вегаста өткізеді. Оның қарсыласы бразилиялық Рафаэль Алвес (19-9) болады.
Жарнама