UFC ұйымының екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор Бруклиндегі MTV шоуындағы жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Чемпионат". Спортшы актриса Меган Фокспен бірге келген Machine Gun Kelly лақап атты рэпермен жаға ұстасты.
"Ол кеште уақытымды жақсы өткізуге тырыстым, түсінесіз бе? Бар болғаны сол. Махабаттан өзге ештеңе емес. Бәрі тамаша.
Ол жігіт менің кез келген жекпе-жегіме келсін. Бәрін менің айқастарыма, шоуыма шақырамын. Арамызда ешқандай араздық жоқ. Ол жігітті білмеймін де. Кім ол?
Меган менің жекпе-жектерімді тамашалайтын. Меганды білемін. Бірақ ана жігітті танымаймын. Онымен ешқандай мәселеміз жоқ. Айқастармды тамашалауға кел", - деп береді МакГрегордың сөзін MMAJunkie.