MMA
15 қыркүйек 2021 21:41
 
"Кім ол?". Конор МакГрегор рэпермен ерегесі жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Кім ол?". Конор МакГрегор рэпермен ерегесі жайлы ©Allboxing

UFC ұйымының екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор Бруклиндегі MTV шоуындағы жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Чемпионат".  Спортшы актриса Меган Фокспен бірге келген Machine Gun Kelly лақап атты рэпермен жаға ұстасты. 

"Ол кеште уақытымды жақсы өткізуге тырыстым, түсінесіз бе? Бар болғаны сол. Махабаттан өзге ештеңе емес. Бәрі тамаша. 

Ол жігіт менің кез келген жекпе-жегіме келсін. Бәрін менің айқастарыма, шоуыма шақырамын. Арамызда ешқандай араздық жоқ. Ол жігітті білмеймін де. Кім ол?

Меган менің жекпе-жектерімді тамашалайтын. Меганды білемін. Бірақ ана жігітті танымаймын. Онымен ешқандай мәселеміз жоқ. Айқастармды тамашалауға кел", - деп береді МакГрегордың сөзін MMAJunkie.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!