Ресейлік ММА файтері Магомед Исмаилов жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың карьерасын аяқтауына қатысты пікір білдірді.
"Хабиб орала ма білмеймін. Ол кинодағыдай кетті. Фильм аяқталған сияқты, бірақ, соңында бірдеңе болады ғой. Мысалы, бас қаһарман көзін ашады.
Хабибтің рекорды 29-0 - міне, триллер осы жерде, ары қарай жалғастыру үшін бірдеңе түрткі болып тұрады. Егер ол бір жекпе-жек үшін оралса, 30-0 болады. Дегенмен, Хабиб орала қоймайтын сияқты.
Оның орнында болсам, тағы бір көруге болады деп жүрер едім. Мұндай оралумен ол кейінгі екі жылда тапқанын қосқандағыдан да артық алады", - деп береді Исмаиловтың сөзін Fightnews.ru.