Қазақтың алыбы қарсыласын бірінші раундта есінен тандырды
"Қазақ титан" лақап атымен белгілі алып жігіт Алмат Жұманов жалаң жұдырық айқасатын лигада алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қазақ титан" лақап атымен белгілі алып жігіт Алмат Жұманов жалаң жұдырық айқасатын лигада алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Венесуэланың Каратахена қаласында өткен кеште ол жергілікті Карлос Салазармен төрт раундық айқасқа шықты. Бұл төбелес бірінші раундта-ақ бітті. Алмат қарсыласын сұлатып тастады. Енді қазақ спортшы демалыс алмай, осы айда тағы бір жұдырықтасады.
Мұның алдында Жұманов америкалық Bare Knuckle Fight Championship промоушенімен АҚШ жерінде 4 жекпе-жек өткізу бойынша келісімшартқа отырған еді. Алайда Алматтың визасымен қиындықтар туып, бұл айқастар шегерілді.
Жарнама