MMA
24 қазан 2020 23:33

"Қазақстанның көк туын жоғары көтергеніме қуаныштымын". Рахмонов UFC-дегі бірінші жеңісінен кейін пікір білдірді

Шавкат Рахмонов. Сурет: fightnews.info©
Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (13-0) UFC ұйымындағы бірінші жеңісінен кейін октогонның ішінде берген сұқбатында Қазақстанның көк туын асқақтатқанына және жақында ғана өткен туған күніне керемет сыйлық жасағаны туралы айтты,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы.


Еске салайық, Рахмонов UFC ұйымындағы өзінің бірінші кездесуін бразилиялық Алекс Оливейраға қарсы өткізіп, бірінші раундта қарсыластын қылқындыру әдісімен жеңді

- Мен үшін өте эмоциялы сәт болып тұр. Қазақстанның көк туын жоғары көтергеніме шын қуаныштымын. Өз еліме жеңіс сыйлағаным үшін өте бақыттымын. Қарсыласым тәжірибелі болды. Сондықтан дәл осылай жеңіске жеткенімен ризамын. 

- Сен алдымен қарсыласыңның бүйіріне тіземен әдемі соққы жасадың. Содан кейін мойнын ұстап қалдың. Сенің қылқындыру әдісін жақсы істейтініңді білетін едік. Бірақ мұншалықты деп ойламадық ...

- Қарсыласымның мойны жақсы түсіп қалды. Оның орнында басқа кез-келген спортшы болғанда да берілетін еді. 

- Сенің салмағыңда мықты спортшылар өте көп. Бірақ сенің көрсеткішің 13-0. Кез-келген спортшыда мұндай көрсеткіш жоқ. Енді жекпе-жекке қашан шығасың?

- Үйге бару керек. Демалып алайын. Біздің елде, яғни  Қазақстанда асықпау керек дейді. Барлығы кезең-кезеңімен болады. Кеше менің туған күнім болды. Өзім үшін керемет сыйлық жасадым.

Айта кетейік, Абу-Даби қаласында өтіп жатқан турнирдің басты кездесуінде жеңіл салмақта ұйымның чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи шығады. Ол кездесуді мына жерден көруге болады.