Қазақстаннан ұлы спортшылар шығады - Хабибтің бапкері
Хабиб Нурмагомедов (29-0), Кейл Веласкес (14-3), Даниэль Кормье (22-3-0-1), Люк Рокхолд (16-5) сияқты UFC жұлдыздарын жаттықтырған аралас жекпе-жек бойынша әлемдегі ең мықты бапкерлердің бірі Хавьер Мендес Vesti.kz және Tengrinews.kz тілшісіне эксклюзив сұхбат берді.
Хабиб Нурмагомедов (29-0), Кейл Веласкес (14-3), Даниэль Кормье (22-3-0-1), Люк Рокхолд (16-5) сияқты UFC жұлдыздарын жаттықтырған аралас жекпе-жек бойынша әлемдегі ең мықты бапкерлердің бірі Хавьер Мендес Vesti.kz және Tengrinews.kz тілшісіне эксклюзив сұхбат берді.
Атақты маманның қазақстандық спортшылар туралы айтқан бөлігін назарларыңызға ұсынамыз.
- Манел Капе (17-6) жақында қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен (14-6) жұдырықтасты, осы жекпе-жекті көрдіңіз бе? Қазақстандық спортшылар туралы не айта аласыз?
- Жоқ. Бұл жекпе-жекті көрмеппін. Қазақстандық файтерлерді білмеймін, дұрысын айтқанда, оларды танимын да, Қазақстаннан екенін білмеген болармын.
- AKА залына Қазақстаннан барғандар болды ма?
- Иә, бірнеше жігіт болды, бірақ, тәжірибесі аздау. Біздің деңгейге жеткілікті болатын жаттығу, күрес пен джиу-джитсу дағдылары болмады. Алайда келген жігіттер тамаша, керемет адамдар, өте тәрбиелі, қарапайым, сыйластықты біледі. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Дағыстаннан келген жігіттер өте қарапайым, мен көргендер арасындағы адамды ерекше құрметтейтіндер. Бұл менің дүниетанымымды өзгертті.
Өйткені маған осы елдерден шыққан жігіт келсе, ол мені қатты құрметтейтінін білемін. Олардың ұстаз, бапкерге деген қатынасында үлкен мәдени айырмашылық бар. Бұл ғаламат! Сондықтан Қазақстаннан ұлы спортшылардың шығуы уақыт еншісінде ғана. Олар енді бастап келеді, толықтай қалыптаспады, сондықтан уақыт керек. Бірнеше жылдан кейін Қазақстаннан мықты файтерлер көптеп шығады. Оларға қажеті уақыт қана.
Жарнама