Хошиминде таэквондодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды. Бірінші күні Қазақстан командасы төрт медальға ие болды, деп жазады Olympic.kz.
Біздің спортшылардың қоржынында төрт қола жүлде бар.
Жүлдегерлер:
- Айдана Сүндетбай, 46 келіге дейін
- Темірлан Тілеулес, 51 келіге дейін
- Батырхан Тілеуғали, 68 келіге дейін
- Нұрасыл Қуандық, 78 келіге дейін