Единоборства
5 қыркүйек 2019 16:18
 
Қазақстандық таеквондошы олимпиадалық рейтингте үздік ондыққа енді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық таеквондошы олимпиадалық рейтингте үздік ондыққа енді © olympic.kz

Бүкәлемдік таеквондо федерациясы олимпиадалық рейтингті жаңартты. Жаңартылған рейтинг бойынша Смайыл Дүйсебай бірнеше сатыға жоғарылады, - деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

+80 келіде сынға түсетін Смайыл 2019 ұпаймен тоғызыншы сатыға көтерілді. Осылайша, Олимпиада жолдамасын иеленуге бір саты жақындады. Рейтингте үздік бестікке енген спортшыларға Токио Олимпиадасының жолдамасы беріледі.

Ал осы салмақта сынға түсетін Руслан Жапаров бір орынға төмендеп, 19 сатыға тұрақтады.

+67 келідегі Дениз Жансель онынша орында қалды. Жансель осыған дейінгі рейтингте де үздік ондыққа енген болатын.

80 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Нұрлан Мырзабаев 31-ші сатыда.

Айта кетелік, аталған төрт спортшы 8 қыркүйек күні Жапонияның Тибо қаласында өтетін Гран-при турниріне қатысады. Аталған сында бірінші орын иеленген спортшыға 40 ұпай беріледі.

Жарнама

Живи спортом!