Единоборства
1 қазан 2020 15:25

Қазақстандық спортшының UFC ұйымындағы бірінші кездесуі өтпей қалуы ықтимал

Сурет: instagram.com/shavkattrakhmonov94©
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың UFC ұйымындағы бірінші кездесуі тағы да өтпей қалуы мүмкін. Бұл туралы ресейлік журналист Игорь Лазорин хабарлап отыр. 

Рахмонов негізі 24 қазан күні Абу-Даби (БАӘ) қаласындағы UFC 254 турнирінде өнер көрсетуі керек еді. Бірақ оның бразилиялық қарсыласы Элизеу Залески Дос Сантос (22-7) жарақат алып қалыпты. 

Жалпы Рахмонов UFC ұйымындағы бірінші кездесуін осы Абу-Даби қаласында жазда өткізу керек болатын. Алайда ол кезде қазақстандық спортшы жарақат алып қалды. 

Ал алдағы UFC 254 турнирінің басты кездесуінде жеңіл салмақта ұйымның чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи жекпе-жек өткізеді. 

Айта кетейік, бұл кеште тағы бір отандасымыз Сергей Морозов та өнер көрсетуі керек.