Единоборства
19 ақпан 15:12

Қазақстандық спортшыға UFC жекпе-жекке дайындалуға 4 күн ғана "берді"

©LFA

UFC қазақстандық файтер Николай Веретенниковқа (12-5) жекпе-жек берді, деп жазады Vesti.kz.

23 ақпан Сиэтлде UFC Fight Night 252 турнирі өтеді. Бұл шоудың басты кездесуінде жеңіл салмақ мықтылары - америкалық Генри Сехудо (16-4) мен қытайлық Сонг Ядонг (21-7-1) жұдырықтасады

Веретенников осы айқас кардында Остин Вандерфордпен (12-2) айқасады, бұл америкалық спортшының UFC-дегі бірінші жекпе-жегі болады. Бұған дейін ол Bellator лигасында өнер көрсеткен

35 жастағы Веретенников 2024 жылдың шілдесінде UFC-мен келісімшартқа қол қойды. 10 тамызда ол жылдам ұсыныс алып, Дэнни Барлоудан (ММА-да 9-0, UFC-де 2-0) төрешілердің шешімімен жеңілген еді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport