Единоборства
25 қараша 2020 16:18

Қазақстандық спортшы UFC-дегі бірінші кездесуін Хабиб Нурмагомедовтің бауырына қарсы өткізетін болды

Сергей Морозов. Сурет: M-1 Global©

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Сергей Морозов UFC ұйымындағы алғашқы кездесуін Конор МакГрегордың қатысуымен өтетін кеште өткізеді,- деп хабарлайды Arlan MMA Pro Team. 

Қазақстандық спортшы 23-қаңтар күні Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" UFC 257 турнирінде жекпе-жек өткізеді. Бұл кештің басты айқасында ирландиялық Конор МакГрегор мен Дастин Порье кездеседі.

Ал Морозовтың қарсыласы Хабиб Нурмагомедовтің немере бауыры Умар Нурмагомедов болады. Бұл екі спортшы үшін де UFC ұйымындағы бірінші кездесу болмақ. 

Еске салайық, негізі Морозов пен Нурмагомедов қазан айындағы "Жауынгерлер аралындағы" UFC турнирінде кездесуі керек болатын. Бірақ ол кезде ресейлік спортшы емханаға түсіп қалды.