MMA
18 желтоқсан 09:44
 

Қазақстандық спортшы мен шешенстандық "Бөрі" қайта айқасатын күн белгіленді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық спортшы мен шешенстандық "Бөрі" қайта айқасатын күн белгіленді ©instagram.com/artem.rez/

АСА лигасының президенті Асланбек Бадаев "РБ Спорт" басылымына берген сұхбатында қазақстандық Артем Резников пен шешенстандық "Борз" (Бөрі) лақап атты Юсуф Расиовтың қарымта жекпе-жегі қашан өтетінін айтты.

blog.share

АСА лигасының президенті Асланбек Бадаев "РБ Спорт" басылымына берген сұхбатында қазақстандық Артем Резников пен шешенстандық "Борз" (Бөрі) лақап атты Юсуф Расиовтың қарымта жекпе-жегі қашан өтетінін айтты.

Бұл айқас 15 желтоқсан АСА 182 турнирінде өту керек болған, алайда, қазақстандық спортшы бұл күні жарақатына байланысты шыға алмады. 

- Раисов - Резников жекпе-жегі ақпанда өте ме?

- 8 ақпан Краснодарда. Сонымен қатар, Абдураков пен Гаджидаудов жекпе-жегін де өткізгіміз келеді - олар тас-түйін отыр. Артеммен сөйлеспедім, осыған дейін ол сегізіне дайын болатынын айтқан. Юсуф болса: "Мен тексеруден өтуім керек. Артемға мүмкіндік бергім келмейді. Бұл жағдай көңілімді бұзды, ол секіріп кетті. Маған шық десе, мен бас тарта алмаймын. Денсаулығымды тексеруім керек, бірақ сегізіне дайын болатыныма 90 пайыз сенімдімін. Бұл Юсуфтың сөзі" деген еді", - дейді Бадаев. 

Еске салайық, Резников пен Раисов 2020 жылы алғаш рет айқасып, бұл жекпе-жекте күтпеген жерден қазақстандық файтер жеңіске жеткен еді. Міне содан бері Резниковқа шешенстандық файтерлер шүйлігіп келеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!