Единоборства
22 желтоқсан 2021 10:19
 

Қазақстандық спортшы Қуат Хамитовпен қарымта талап етті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық спортшы Қуат Хамитовпен қарымта талап етті ©caravan

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Нұрберген Шәріпов Mergen Fightning Championship лигасын Қуат "Найман" Хамитовпен қарымта ұйымдастырып беруін сұрады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Нұрберген Шәріпов Mergen Fightning Championship лигасын Қуат "Найман" Хамитовпен қарымта ұйымдастырып беруін сұрады, деп хабарлайды Vesti.kz.

18 желтоқсан Атырауда Қуат пен Нұрберген грэпплинг ережесі бойынша белдескен. Үшінші раундта Хамитов жарақат алып, белдесуді жалғастыра алмады. Осылайша, жеңіс Шәріповке берілді.

"Көп күткен Mergen FC аяқталды, мені қолдағандардың бәріне алғыс білдіремін! Ұйымдастырушылардан Қуат Хамитовпен қарымта ұйымдастырып беруін сұраймын, өйткені маған нағыз жеңіс керек. Қарсыласым жарақаттанып қалғандағы жеңіс маған керегі жоқ! Осынша уақыт ондайға дайындалған жоқпын... Сондықтан тағы бір белдесуге мүмкін беруді сұраймын", - деп жазыпты Шәріпов Instagram желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!