Единоборства
17 мамыр 2021 11:02

Қазақстандық спортшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсіріп Fury FC чемпионы атанды

Сурет: instagram.com/p/BMlHxVYDVEY

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтер Николай Веретенников (9-3) Хьюстондағы Fury FC 46 турнирінде қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсіріп, Fury FC промоушенінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Веретенниковтың қарсыласы 31 жастағы америкалық Энтони Айви (8-5) болды. Бірінші раундтың екінші минутында қазақстандық қарсыласын тізеге салғаннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

 

Бұл турнирді UFC президенті Дана Уайт та тамашалады. Ол Николайды жеке құттықтап, DWCS (Дана Уайттың үміткерлер сериясына) жарысына шақырғанға ұқсайды. Бұл жарыста өнер көрсетеін спортшылар UFC промоушенінде жұдырықтасу мүмкіндігіне жете алады.

 

Қазақстандық спортшы 2016 жылдан бері жеңілмей келеді. Ол Америкаға барғалы сегіз айқастан тұратын жеңіс сериясын үзбеді.