Единоборства
16 қараша 2020 16:48

Қазақстандық спортшы желтоқсанда UFC-де өнер көрсететін файтердің бауырымен жекпе-жек өткізеді

Сурет: m1global.com©️

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Азамат Марқабаев (6-3) келесі кездесуін 4-желтоқсан күні Мәскеуде GFC 30 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік Селем Евлоев (4-2) болады,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

GFC 30 турнирінде Марқабаев өзінің оныншы жекпе-жегін өткізеді. Жалпы Азамат аралас жекпе-жекте 2015 жылдың 15-қарашасында бірінші кездесуін өткізген. Содан бері ол алты кездесуде жеңіске жетсе, үш кездесуінде төрешілердің шешімі бойынша жеңілген. Отандасымыз өзінің соңғы айқасын қыркүйек айында Абдулманап Нурмагомедовті еске алуға арналған турнирде өткізіп, үш раундтың қорытындысы бойынша ресейлік Никита Балтаевтан жеңіліп қалды. 

Селем болса UFC ұйымында жеңілмеген Мовсар Евлоевтің (13-0) ағасы. Мовсардың өзі бірнеше жыл бұрын М-1 ұйымының чемпионы болып, жекпе-жектерінің бірінде қазақстандық Сергей Морозовпен кездескен. Соңғы рет Селем бір жыл бұрын кездесу өткізген. 2019 жылдың тамызында ол ингуш спортшысы төрешілердің шешімі бойынша Важе Циптауриден жеңілді. Бұл оның карьерасындағы екінші жеңілісі еді. Ол негізі төрт кездесуде жеңіске жеткен. 



Айта кетейік, GFC турнирінде тағы бір қазақстандық спортшы өнер көрсетуі мүмкін. Тарқатып айтсақ, Жасұлан Әкімжан мен ресейлік Марк Волков арасындағы кездесу туралы келіссөз жүруде. 

Ал турнирдің басты кездесуінде жеңіл салмақта өнер көрсететін Гаджи Рабаданов пен Мехжи Дакаев арасындағы кездесу өтеді.