Демалыс күндері Мәскеуде өткен АСА 111 турнирінде Резников шешенстандық "Бөрі" Юсуф Раисовты төрешілер шешімімен жеңген болатын. Осыдан кейін қазақстандық спортшы екі дивизион жоғары өнер көрсетіп жүрген Исмаиловты жекпе-жекке шақырды.
- Артем, неге Исмаиловты шқырдыңыз?
- Өйткені Магомед бір кездері Эдуард Вартанянға 77 келіде жұдырықтасуды ұсынған. Мен үшін бұл жақсы мүмкіндік. Көп салмақ түсірмейсің. Магомед те біраз бұлшық етін тастайды.
- Кейінгі жекпе-жек үшін қанша салмақ түсіру керек болды? 77 келі 70-ке қарағанда жайлы болар.
- 84 келіден тастаймын. 77 сөзсіз жеңіл болады.