Қазақстандық спортшы "Арыстан" лақап атты шешенстандық чемпионмен титулды айқасқа шығады
Қазақстандық файтер Артем Резников жеңіл салмақта АСА чемпиондығы үшін айқасқа түседі. Бұл туралы лиганың Instagram аккаунты хабарлап отыр.
Қазақстандық файтер Артем Резников жеңіл салмақта АСА чемпиондығы үшін айқасқа түседі. Бұл туралы лиганың Instagram аккаунты хабарлап отыр.
Қазақстандықтың қарсыласы қазіргі чемпион "Арыстан" лақап атты шешенстандық Абдул-Азиз Абдулвахабов болады. Жекпе-жек қыркүйекке белгіленген.
"Жеңіл салмақ рейтінгінде бірінші тұрған Артем Резников чемпиондық белбеуге үміткер екені белгілі. Оның Абдул-Азиз Абдулвахабовқа қарсы айқасы қыркүйекте өтетін күзгі турнирлердің біріне жоспарланып отыр. Артем ұйымда үш жеңіске жетті, сондықтан титулға айқасу мүмкіндігін заңды иеленді", - дейді АСА вице-президенті Асланбек Бадаев.
Жарнама