Қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC-дегі бірінші кездесуінде қарсыласын қылқындырып тастады
Сурет: M-1 Global©
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC ұйымында бірінші кездесуін өткізіп, жеңіске жетті,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Отандасымыздың қарсыласы тәжірибелі бразилиялық спортшы Алекс Оливейра болды. Абу-Даби қаласында өткен кездесуде қазақстандық спортшы қарсыласын бірінші раундта-ақ қылқындыру әдісімен жеңіп кетті.
Бұл Рахмоновтың UFC ұйымындағы бірінші кездесуі еді. Жалпы ол аралас жекпе-жекте 13 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Тағы бір айта кететін жайт, Рахмонов барлық кездесуін нокаутпен аяқтаған.
Айта кетейік, Оливейра Рахмоновтың карьерасындағы ең тәжірибелі қарсылас болды. Бразилиялық спортшы аралас жекпе-жекте он жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ал UFC ұйымында жүргеніне бес жыл болған. Бұған дейін тек бір мәрте ғана нокаутпен жеңілген болатын.
Еске салайық, Абу-Даби қаласында өтіп жатқан турнирдің басты кездесуінде жеңіл салмақта ұйымның чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи шығады. Ол кездесуді мына жерден көруге болады.

Жарнама