Қазақстандық файтер Артем Резников (25-9) өз күшін неге ең беделді промоушен UFC-де сынап көргісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазір Резников ACA лигасында өнер көрсетіп жүр.
"Әзірге жоқ. Себебі мен ТМД кеңістігінде табысы жоғары спортшымын. Ал егер мұхит асып кетсем, олай болмайды. Онда мен қатардағы файтер боламын. Қазір, 33 жаста, гонорардың түсіп кеткенін керек емес. Табыс көргім келеді.
Мен төмен гонорарға дайын болғанмын, бірақ ол кезде 29 жаста едім. Сұхбат бергенім де бар, UFC-де өнер көрсету үшін төмен гонорарға да дайынмын деп. Бірақ бұл 29 жаста болған. Ал қазір маған қалғаны... денсаулығыма мұқият қарап, жарақат пен ауыр жағдайлар болмаса ғана алты-жеті жылым бар шығар. .
Бірақ бұл көп емес. Енді мұхит асып, кейін ештеңесіз қайтып келіп жатсам. Ондай жаста емеспін" - деді Артем SarbazPodcast подкастында берген сұхбатында.
Жарнама