Түркияның Анталия қаласында муай-тайдан IFMA Antalya ашық Кубогі өтті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының ресми сайты хабарлады. Жастар мен жасөспірімдер күш сынасқан жарысқа Қазақстан 37 спортшы апарды. Нәтижесінде Ұлттық құрама 11 алтын, 8 күміс пен 12 қола медальге қол жеткізіп, жалпы есепте 3-орын алды.
Айта кетейік, Анталия Кубогіне барлығы 31 мемлекеттен 780-ге жуық тай боксының шебері жиналды.