UFC ұйымында жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова (10-2) промоушендегі екінші жеңісіне жетті. Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өткен UFC Vegas 39 турнирінде Павлодар қаласының тумасы колумбиялық Сабина Мазодан (9-3) үстем түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
24 жастағы отандасымыз бұл кездесудің үшінші раундында қарсыласын қылқындырып, жеңді.
Айқастың бірінші раундында Мазо октагонның ортасын өз бақылауына алып, үнемі алға жүріп, Мазоның мысын басып тастады. Агапова бірінші кезеңде 54 рет дәл ұрса, қарсылас 17 рет тигізген.
Екінші кезеңде Сабина шамалы жинақы өнер көрсетті. Дегенмен де бұл раунда та басымдық Агаповада болды.
Ал үшінші раундта Мазо шамалы ашылып айқаса бастаған еді. Осы сәтті Марияның бір соққысы қарсыласының жағына тиді. Сабина нокдаунға түсті. Арада бірнеше секунд өткен кезде қазақстандық спортшы қарсыласына қылқындыру әдісін жасады. Мазо бірден берілді.
Агапова үшін бұл UFC ұйымындағы екінші, аралас жекпе-жектегі оныншы жеңісі болды. Ол қарсыластарын үш рет нокдаунмен, бес рет сабмишнмен және екі рет төрешілердің шешімімен жеңген. Колумбиялық Мазо карьерасында үшінші мәрте жеңіліс тапты. Бірінші мәрте ол сабмишнмен ұтылды.
Еске салайық, бұған дейін кездесуін Агапова 2020 жылдың тамызында өткізіп, америкалық Шане Добсонға есе жіберген.
Жалпы Мария UFC турнирінің басты кардында екінші мәрте шықты. Осы уақытқа дейін бұл промоушенде ешқандай қазақстандық спортшы шоудың негізгі кардына қосыла алмаған.