Naiza FC жауынгері Фаниль Рафиковтың октагонға қашан шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Рафиков октагонға жуырда оралады. Ол Тайсултановпен бір кардта айқасады", - делінген спортшының Instagram парақшасында.
Қос спортшы арасындағы кездесу мамыр айының соңына қарай Naiza 40 турнирінде өтеді деп жоспарланған.
Соңғы рет Рафиков қырғызстандық Қаныбек Жәнібек улумен кездесіп, алғашында нокдаунға түсіп, артынша техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Халық арасында Фаниль Рафиковты "қазақстандық МакГрегор" деп атайтынын айта кеткен жөн.