Единоборства
18 тамыз 2020 16:24
 
Қазақстандық файтер UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде Хабибтің інісімен жұдырықтасуы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық файтер UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде Хабибтің інісімен жұдырықтасуы мүмкін Сергей Морозов. Сурет: M1©

Қазақстандық спортшы Сергей Морозовтың (16-4) UFC ұйымындағы бірінші қарсыласы болуы мүмкін деген спортшы анықталды. 

ТАСС тілшісі Игорь Лазориннің ақпараты бойынша, отандасымыздың қарсыласы ресейлік Умар Нурмагомедов (12-0) болуы мүмкін. Қазіргі уақытта UFC осы кездесуді ұйымдастыру үшін келіссөз жүргізіп жатыр. 

Морозовтың UFC ұйымындағы дебюті 24 қазанға жоспарланған. Қазақстандық спортшы UFC 254 турнирінде өнер көрсетуі керек. Бұл жекпе-жек кешінің басты кездесуінде жеңіл салмақта ұйымның чемпионы Хабиб Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжиге қарсы шығады. Айқас Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" өтеді. 

UFC ұйымына Морозов жеңіл салмақта M-1 Global ұйымының чемпионы ретінде ауысты. Ақтөбе тумасы соңғы кездесуін 19 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өткізіп, төрешілер шешімі бойынша америкалық Джош Реттингхаустан үстем түсті. 

31 жастағы Морозов аралас жекпе-жектегі бірінші кездесуін 2008 жылы өткізді. Оның еншісінде 16 жеңіс және 4 жеңіліс бар. Умар Нурмагомедов болса, Хабибтің немере інісі. 

Жарнама

Живи спортом!