Единоборства
31 наурыз 2019 19:34
 

Қазақстандық файтер Токиода қолының сынғанына қарамастан жеңіске жетті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық файтер Токиода қолының сынғанына қарамастан жеңіске жетті Қайрат Ахметов. © ONE Championship

Аралас жекпе-жекте өнер көрсетіп жүрген қазақстандық файтер Қайрат Ахметов Токиода ONE Championship турнирінде австралиялық Рис Макларенді қолының сынғанына қарамастан жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Аралас жекпе-жекте өнер көрсетіп жүрген қазақстандық файтер Қайрат Ахметов Токиода ONE Championship турнирінде австралиялық Рис Макларенді қолының сынғанына қарамастан жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек әлемдік ONE Championship Гран-при аясында өтті, онда спортшылар жеңіл салмақта жартылай финалда айқасты. Үш раундтың соңында Ахметов төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, 31 жастағы Ахметов спорттық мансабындағы 22-ші жеңісіне қол жеткізді. Сондай-ақ, ол бұрындары екі рет жеңіліс тапқан. 27 жастағы астралиялық болса 12 кездесудің алтауында жеңілген. 

[removed][removed]

Қайрат Ахметовтың менеджері Саят Әбдірахмановтың айтуынша, қазақстандық файтер ONE Championship турнирінде ауыр жарақатпен өнер көрсеткен. 

Әбдірахмановтың айтуынша, жекпе-жекке дейін же кездесу кезінде де біршама қиындықтарды бастан кешірген. "Алаңдаған барлық жанкүйерлерді құттықтаймын, жеңіс құтты болсын! Қайраттың қандай қиындықтарды бастан өткергенін аздаған адамдар біледі. Жекпе-жек кезінде де бұл қиындыққтар тоқтамады. Бірінші раундта Қайрат қолын сындырып алды, алайда қиындықтарға қарамастан ол гран-при жартылай финалына шықты! Бауырым сені мақтан тұтам", - деп жазлы Әбдірахманов  Instagram желісіндегі парақшасында. 

Финалға шығу үшін қазақстандық файтер жапониялық Сензо Икедо және филиппиндік Дэнни Кингэд жұбы жеңімпазымен жұдырықтасатын болады. 

Айта кетейік, аралас жекпе-жекте 2010 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан Ахметов 2017 жылы ONE Championship чемпионы атанған еді, алайда сол жылы бразилиялықпен реванш өткізіп, титулынан айырылды. ONE Championship - сингапурлық промоушен. 2011 жылдан бері Азия аумағында өткізіліп келеді.

Жарнама

Живи спортом!