Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Артем Резников (22-6) Absolute Championship Akhmat (АСА) турнирінде төртінші айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Гран-при АСА ширек финалында Резников UFC-де өнер көрсеткен бразилиялық Дави Рамоспен (10-4) жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы бұл кездесу Сочиде өткен АСА 140 турнирінің басты оқиғасы болды.
Қарсыластар толық бес раунд жұдырықтасып, оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Резниковке берді. Осылайша, қазақстандық Гран-при жартылай финалына шықты.
Турнирдің толық қаржылық қоры миллион доллар екенін айта кетейік.
Резников кейінгі рет 2020 жылы қыркүйекте жұдырықтасып, тегі шешен Юсуф Раисовты жеңген еді.
Ал UFC-ден кеткен Рамос үшін бұл АСА лигасындағы алғашқы жекпе-жегі болды.