Единоборства
22 маусым 2020 12:03

Қазақстандық файтер қыз жекпе-жекке шақырған қарсыласпен жұдырықтасады

Сурет: UFC©️
Қазақстандық файтер қыз Мария Агапованың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды mmajunkie.usatoday.com.


Осылайша, Агапова әлемдегі ең мықты промоушеннің шаршы алаңына 22 тамызда шығып, 31 жастағы америкалық Шана Добсонмен жұдырықтасады. Алайда бұл кездесу қайда өтетінін әзірге белгісіз. 

Еске салайық, Агапованың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі 14 маусым Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 172 турнирінің кардында болды. 

Бірінші раундтан асырмады. Қазақстандық файтер қыздың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінің видеосы

Осы жеңістен кейін қазақстандық файтер қыз бірден Шана Добсонды жекпе-жекке шақырды. Қазіргі таңда Добсон ММА-де жеті жекпе-жек өткізген, оның үшеуінде жеңіп, төртеуінде жеңілген.