Қазақстандық файтер атышулы ресейлік Расул Мирзаевпен жекпе-жек өткізетін болды
Ресейлік журналист Игорь Лазорин аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Нұрберген Шарипов келесі кездесуін ресейлік Расул Мирзаевқа қарсы өткізетінін айтты.
"Жекпе-жек Сочи қаласында жоспарлануда. Бірақ дәл қазір кездесудің қашан өтетіні белгісіз", - деп жазды тілші Instagram парақшасында.
Айта кетейік, биыл наурыз айында Мирзаев Алматыда өткен ACA 105 турнирінде отандасымыз Арман Оспановпен кездесіп, жеңіліп қалды. Жалпы ресейлік спортшы аралас жекпе-жекте 18 кездесуде жеңіске жетсе, үш кездесуде жеңіліп қалған.
Шарипов болса, он кездесуде жеңіске жетіп, екі кездесуде жеңіліп қалған.

Жарнама