Қазақстандық Дияр Нұрғожай бразилиялық қарсыласын бір минутқа жеткізбей нокаутқа түсірді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай Алматыда Хабиб Нрумагомедовтың лигасы өткізіп жатқан EFC 37 турнирінде жеңіске жетті.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай Алматыда Хабиб Нрумагомедовтың лигасы өткізіп жатқан EFC 37 турнирінде жеңіске жетті.
Бастапқыда қазақ файтердің қарсыласы беларусьтік Вадим Литвин болу керек еді. Алайда, тура жекпе-жек алдында қарсылас ауысып, оның орнына бразилиялық тәжірибелі файтер Сержио де Соуза (18 жеңіс пен 21 жеңілісі бар) шықты.
Ал Дияр ММА-дегі тек алтыншы айқасын ғана өткізіп отыр. Алдыңғы бесеуінде де ол жеңіске жеткен. Ал осы жолы қарсыласын тіпті бір минутқа жеткізбей, жекпе-жектің 52-ші секундында техникалық нокаутпен жеңді.
Жарнама