MMA
27 ақпан 2020 09:27

Қазақстандық бірінші файтер қыз UFC-мен келісімшартқа қол қойды

© Invicta FC
22 жастағы қазақстандық файтер қыз Мария Агапова әлемдегі ең ең ірі Ultimate Fighting Championship (UFC) промоушнімен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы аса жеңіл салмақтағы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Мария Агапова UFC-де былтыр тамыздадан бастап өнер көрсете алар еді. Алайда ол кезде Dana White's Contender Series шоуында Трэйси Кортезге жол беріп, мүмкіндігін жіберіп алған болатын.

Осыдан кейін Агапова Invicta FC промоушенімен келісімшарт жасасып, онда екі кездесу өткізген, Алекс Коннерсті қылғындыру әдісімен, ал Марилия Сантосты техникалық нокаутпен жеңген.



Агапованың рекорды - 8 жеңіс, оның ішінде алтауы мерзімінен бұрын және 1 жеңіліс.

Басылым биыл жазда UFC Нұр-Сұлтан қаласында 13 маусымда тұңғыш рет шоу өткізбек болғандықтан келісімшарт жасалған деген тұжырым жасап отыр.