Қазақстандық "Бопай" Кәсіпқой лига турнирін бразилялықпен айқастан бастайды

"Бопай" лақап атты қазақстандық бұрымды файтер Зәмзагүл Файзолланова (7-1) Амеркиада өтетін Professional Fighters League (PFL) маусымының ашылуында бразилиялық Лариса Пачекомен (15-4) жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқас 6 мамыр АҚШ-тың Арлингтон қаласында өтеді. Қазақстандық спортшы миллион доллар жүлдені иелене алады, ол үшін турнирді жеңіп шығу керек.
Файзолланова мен Пачекодан бөлек тағы сегіз спортшы кездесу өткізеді:
1. Кайла Харрисон (АҚШ) - Марина Мохнаткина (Ресей);
2. Джена Фабиан (Жаңа Зеландия) - Джулиа Бадд (Канада);
3. Елена Колесник (Украина) - Эбигейл Монтес (Мексика);
4. Ванесса Мело (Бразилия) - Мартина Жиндрова (Чехия).
"Шаңыраққа қарамағаны намысқа тиді". "Бопай" өзбек қарсыласын қалай жеңгені жайлы
Жарнама