Единоборства
2 қазан 2018 14:27
 

Қазақстанда Макгрегор мен Нурмагомедовтың жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанда Макгрегор мен Нурмагомедовтың жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады? © Noah K. Murray-USA TODAY Sports

7 қазанда UFC 229 турнирі аясында ирландиялық Конор Макгрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедов арасында жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

blog.share

7 қазанда UFC 229 турнирі аясында ирландиялық Конор Макгрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедов арасында жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нурмагомдеов жеңіл салмақта чемпиондық белбеуді қорғайтын болады. Биыл сәуірде ресейлік спортшы америкалық Эл Яквинтаны жеңіп, осы титулды иеленген еді. 

Басты кездесу 7 қазанда Астана уақыты бойынша таңғы 7:50-де басталады. Qazsport телеарнасы осы шараны тікелей эфирден көрсетеді. 

Сонымен қатар, турнир аясында тағы бір танымал файтерлер шығады - Тони Фергюсон мен Энтони Петтис. Октагонда ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген америкалық Деррик Льюис пен ресейлік Александр Волков та кездесетін болады. 

7 сәуірде өткен Нурмагомедовтың жекпе-жегінің алдында ирландиялық файтер UFC 223 турнирінің қатысушылары отырған автобусқа шабуыл жасаған еді. Содан кейін оны полиция қамауға алды. Сот отырысында Макгрегор босатылды. 

Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жекте 26 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы екі салмақ дәрежесінде UFC чемпионы болған Конор Макгрегор 24 жекпе-жек өткізіп, 21-нде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген. 2016 жылдың күзінен бері ирландиялық октагонға шықпаған. 

UFC титулы үшін өтетін жекпе-жектің екінші баспасөз конференциясы 4 қазанда Лас-Вегаста өтеді. 

Жарнама

Живи спортом!