Единоборства
19 шілде 2020 14:26

Қазақстанда дүниеге келген спортшы UFC ұйымында қатарынан екінші рет жеңіске жетті

Сурет: Reuters©️
Қазақстанда дүниеге келіп, бірақ қазір Қырғызстан намысын қорғайтын Рафаэль Физиев UFC ұйымында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


Оның қарсыласы британдық Марк Диакеси болды. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 29-28, 29-28, 30-27 есебімен жеңісті Физиевқа берді. 

Физиев - Диакеси арасындағы кездесу Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" UFC Fight Night 172 турнирінде өтті. Бұл шоудың басты кездесуінде бразилиялық Дейвисон Фигередо америалық Джозеф Бенавидесті жеңіп, ең жеңіл салмақта чемпион атанды. 

27 жастағы Физиев үшін бұл UFC ұйымындағы үшінші кездесу болатын. Ол 2019 жылы бірінші кездесуін өткізіп, ресейлік Магомед Мустафаевтан жеңіліп қалды. Ал өткен жылдың қазан айында ол төрешілер шешімі бойынша америкалық Алекс Уайттан үстем түсті. 

Жалпы Физиев аралас жекпе-жекте сегізінші жеңісі еді. Ал 27 жастағы Диакес болса 18 кездесуінде төртінші рет жеңілді.

Физиев UFC тарихында Қазақстан жерінде дүниеге келген бірінші спортшы. Ол Жамбыл облысының Қордай ауданында дүниеге келген. Бірақ 2005 жылы отбасымен бірге Қырғызстан астанасы Бішкекке көшіп кеткен. Спортшының менеджері қазақстандық Саят Әбдірахманов.