Қазақстанда аралас жекпе-жектен Азия және әлем чемпионаты өтеді
© Vesti.kz
Нұр-Сұлтан қаласы маусым айында соңғы уақытта қарқынды дамып келе жатқан әуесқой ММА-ден Азия чемпионатын қабылдайды. Бүгін IMMAF (Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясы) президенті Керрит Браун күзде Қазақстанда әлем чемпионатын өткізуді де жоспарлап отырғанын ресми мәлімдеді.
Алматы қаласында ММА-ден Азия және әлем чемпионатына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Шараға IMMAF президенті Керрит Браун, IMMAF бас директоры Дензейн Уайтт және Қазақстан ММА аралас жекпе-жек федерациясының бас директоры Валихан Тен қатысты.
Алғаш болып сөйлеген IMMAF президенті Керрит Браун Қазақстан әлем чемпионатын өткізетін ресми мәлімдеді: "IMMAF тұжырымы бойынша 7-ші әлем чемпионатын ұйымдастыру жұмыстары өтіп жатыр. Әлем чемпионатын қабылдайтын елді таңдау жұмыстары ұзақ өтті. БАӘ, Бахрейн секілді мемлекеттері кандитатурасын ұсынды. Дегенмен таңдау Қазақстанға түсті. Осыған дейін әлем біріншілігі Бахрейнде өте жоғары дәрежеде өтті. Қазақстандағы байрақты бәсеке бұдан да мықты өтеді деп сенеміз. Жылдан жылға жарысқа қатысушы елдердің саны артып келеді. Биыл да олардың саны көбейеді деп үміттенеміз. Қазақстандағы әлем чемпионатына келер болсақ, 2020 жылдың қараша айының алғашқы күндеріне жоспарланған", - деді IMMAF президенті.
Әлем чемпионатынан бөлек жаздың алғашқы айында ел астанасы құрлықтық доданы қабылайды. Қазақстан ММА аралас жекпе-жек федерациясының бас директоры Валихан Тен Азия мен әлем чемпионатына дайындық қазірден басталып кеткенін айтты.
"Биыл Қазақстан спорты үшін тарихы жыл болмақ. Өйткені еліміз екі бірдей әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуді жоспарлап отыр. Маусым айында Азия, одан кейін қарашада әлем чемпионатын ұйымдастырамыз. Қазір федерация Қарағандыда ел чемпионатын өткізуге дайындалып жатыр. Наурыз айының соңында өтетін чемпионатта құрлықтық және әлем біріншілігіне қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталады".
IMMAF бас директоры Дензейн Уайтт Қазақстандағы ММА спортының қарыштап дамып жатқанын айтып, өзге елдерді үлгі алуға шақырды.
"Францияда ұзақ уақыт ММА-ге тыйым салынған болатын. Алайда соңғы уақытта аралас жекпе-жектің дамуына байланысты ММА-ді спорт деп таныды. Әлем мемлекеттері Қазақстанмен санасады. Сіздердің спортшыларыңыз әлемдік деңгейде мықты екендерін дәлелдеді. Бұдан бөлек Қазақстан әйелдер құрамасының қарымы мықты екенін білеміз. Сіздердің елдеріңізде бұл спорт түріне ерекше көңіл бөліп келеді. Осы тұрғыдан өзге елдерді сіздерден үлгі алуға шақырамын", - дейді Дензейн Уайтт.
Қазақстан ММА аралас жекпе-жек федерациясының бас директоры Валихан Тен спортшыларымызға берілетін сыйақысы мен қандай жағдай жасалып жатқанын туралы сөз қозғады.
"Қазіргі уақытта спортшыларымыздың сыйақысы аз. Бірақ бұл жоқтан жақсы. Осы күнге дейін, тіпті, Қазақстан құрамасы болмаған еді. Бүгінгі таңда біз спортшыларымызды сыйақымен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп, жаттығуларына қолайлы жағдай жасап, оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Бір-екі жылда барлығымен қамтамасыз ету мүмкін емес. Дегенмен алдағы уақытта спортшыларымыздың тек жеңіс туралы ойлайтындай жағдайын жасап, еліміздегі аралас жекпе-жектің дамуына үлесімізді қосамыз деп сенемін".
Айта кетейік, өткен жылы Тайланд елінің астанасы Бангкокта өткен аралас жекпе-жектен Азия чемпионатында қазақ спортшылары барлығы 7 алтын, 9 күміс, 5 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Жарнама