Единоборства
14 қазан 2021 16:19

Қазақстан тумасы UFC ұйымында өз елінің атынан енді өнер көрсетпейтінін хабарлады

©instagram.com/rafael_ataman_fiziev

Қазақстанда дүниеге келіп, кейін біздің елден көшіп кеткен Рафаэль Физиев бұдан былай UFC ұйымында Қырғызстанның атынан өнер көрсетпейтінін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Спортшы өзінің Instagram әлеуметтік желісінде видеоүндей жасап, онда қырғыз халқынан діни мәселеге байланысты қысым түсіп жатқанын айтып, елден көшіп кететінін мәлімдеді. 

"Бүгінгі таңда маған және менің отбасыма муфтият және Қырғызстанның танымал бірнеше адамдарынан қысым болуда. Осы жалған жалаға байланысты мен және менің отбасыма Қырғызстанның барлық аймағынан хат келуде. Бұл хаттар мені қорқыту мақсатында жазылған. Әңгіме жүз хат жайында емес. Мыңдаған адамдар маған жазуда. 

Мен ешқашан ешкімді артымнан ергізбегенмін. Миллиондаған адамдар секілді әлеуметтік желіде мен де өз өмірімді көрсетемін. Әр күн сайын немен шұғылданатынымды жариялаймын. Әр адамның өз пікірі бар. Сондықтан әрбір адам заңды түрде қалағанын жасай алады. Мен осы нәрсені істедім. Сол үшін муфтият тарапынан қысым жасалуда. Менің отбасыма үлкен қысым көрсетіліп жатыр. 

Енді мені Қырғызстанмен ештеңе байланыстырмайды. Жақын арада бұл елден көшетін шығармын. 

Қырғызстан туымен өнер көрсетпеймін. Барлығы да осы қысымға байланысты", - деп жазды спортшы. 

Еске салайық, Физиев Қазақстанда дүниеге келген. Ол 11 жасына дейін біздің елде тұрған. Кейін Бішкек қаласына көшіп кеткен. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport