Единоборства
20 шілде 2020 15:54
 
Қазақстан тумасы UFC-дегі қатарынан екінші жеңісінен кейін балдақпен жүр

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан тумасы UFC-дегі қатарынан екінші жеңісінен кейін балдақпен жүр Сурет: Jeff Bottari/Zuffa LLC

Қазақстанда дүниеге келіп, қазір бірақ Қырғызстан намысын қорғайтын Рафаэль Физиев UFC турнирінде британдық Марк Диакесмен өткізген кездесуінде жарақат алып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бұл екі спортшы арасындағы жекпе-жек 19 шілде күні Абу-Даби қаласында UFC Fight Night 172 турнирінде өтті. Екеуі де жақсы жекпе-жек өткізгені үшін қосымша  50 мың доллар сыйақы алды.

"Жеңістің кері әсері", - деп жазып Instagram парақшасына видео салды Физиев. Бұл видеода ол балдақпен бөлмесіне алып баратын автобусқа бара жатыр. Сондай-ақ спортшы тізесіне мұз салып, орап қойған суретті де көрсетті. 

"Жеңістің құны оңай емес. Файтер болу - бұл ең қиын спорт", - деді спортшының менджері Саят Әбдірахманов кадрдың сыртында. 

Айта кетейік, бұл кездесуде 27 жастағы Физиев Диакисиді төрешілердің шешімі бойынша жеңді. Бұл оның UFC-дегі екінші жеңісі еді. Бұл ойында қырғызстандық спортшы 2019 жылы бірінші кездесуін өткізіп, ресейлік Магомед Мустафаевтан жеңіліп қалды. Ал өткен жылдың қазан айында америкалық Алекс Уайттан айласын асырды.

Жамбылдың Қордай ауданында дүниеге келген Физиев үшін бұл аралас жекпе-жектегі сегізінші жеңісі еді. Диакиси болса төртінші рет жеңілді. Ол 14 рет жеңіске жеткен.

Жарнама

Живи спортом!