Единоборства
16 ақпан 2022 10:23
 

Қазақстан тумасы UFC-дегі басты айқасына шығатын болды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан тумасы UFC-дегі басты айқасына шығатын болды ©UFC

Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев пен бразилиялық Рафаэль дос Аньос арасындағы жекпе-жек 5 наурыз күні UFC 272 турнирінде өтетін болды. Физиев бұл кездесуге қатысу үшін АҚШ-қа виза алды, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

blog.share

Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев пен бразилиялық Рафаэль дос Аньос арасындағы жекпе-жек 5 наурыз күні UFC 272 турнирінде өтетін болды. Физиев бұл кездесуге қатысу үшін АҚШ-қа виза алды, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

Басында Физиев пен дос Аньос арасындағы айқас 19 ақпан күні Лас-Вегас қаласында өтуі керек еді. Бірақ Рафаэль виза алу кезінде қиындыққа тап болып, жекпе-жек кейінге шегерілді. 

Соңғы мәрте Физиев UFC Vegas 44 турнирінде өнер көрсетіп, Жаңа Зеландия елінің өкілі Брэд Ридделден айласын асырды. 

30 нокауты бар мексикалық Головкинмен жекпе-жекке шықпақ

Ал дос Аньос болса ақырғы рет 2020 жылдың қарашасында жекпе-жек өткізіп, америкалық Пол Фелдерден үстем түсті. 

Бұл Физиевтің карьерасындағы ең маңызды кездесу болмақ. Айта кетейік, Рафаэль негізі Қордайда (Жамбыл облысы, Қазақстан) дүниеге келген. UFC ұйымында алғашқы кездесуін 2019 жылы өткізді. 2021 жылдың 14 қазанына дейін ол Қырғызстанның намысын қорғады. Қазір Әзірбайжанның атынан шығады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!