MMA
15 сәуір 2021 10:30
 

Қазақстан тумасы ONE FC чемпионынан бірінші раундта нокаутпен жеңілді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан тумасы ONE FC чемпионынан бірінші раундта нокаутпен жеңілді Сурет: AllBoxing.ru

Ресейлік файтер Тимофей Настюхин (14-5) ONE Championship промоушенінің Сингапурда өткен титулды жекпе-жегінде техникалық нокаутпен жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Ресейлік файтер Тимофей Настюхин (14-5) ONE Championship промоушенінің Сингапурда өткен титулды жекпе-жегінде техникалық нокаутпен жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы облысындағы Үштөбе қаласында дүниеге келген жеңіл салмақтағы спортшы сингапурлық чемпион Кристиан Лимен (15-3) жұдырықтасты. Айқастың екінші минутында-ақ 22 жастағы чемпион 31 жастағы Настюхинді сол жақтан дәл ұрып, құлаған Настюхинге тағы бірнеше соққы жасады. Төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. 

Тимофей ONE FC лигасында 2014 жылдың желтоқсанынан өнер көрсете бастады. Бұған дейін ол АСВ, Siberian League, Altay Republik MMA League, Eurasian Fighting Championship, Russian MMA Union және White Rex лигаларында жұдырықтасқан. 

Настюхин файтер ретінде UFC чемпионы Эдди Альваресті (30-8-0-1) жеңіп аты шыққан еді.

Жарнама

Живи спортом!