Қазақ спортшының UFC промоушеніндегі бірінші жеңіс үшін қанша алғаны айтылды
©instagram.com/ShaYilan_MMA
Қытайда туған қазақ файтер Сайран Нұрданбектің UFC ұйымындағы бірінші жеңіс үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қытайда туған қазақ файтер Сайран Нұрданбектің UFC ұйымындағы бірінші жеңіс үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Росомаха" лақап атты 27 жастағы спортшы Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 198 турниріне қатысып, 32 жастағы америкалық Шон Сорианомен жұдырықтасты.
"Вестник ММА" мәліметінше, бұл айқас үшін ол 24 мың доллар алды, он мыңы - жекпе-жек гонорары, тағы он - жеңіс үшін және төрт мың сыйақы. Ал Сориано сәл көбірек алды - 24 500 долларов.
Бұл Сайранның UFC-дегі екінші кездесуі. Бірінші айқасында ол аустралиялық Джошуа Кулибаоға есе жіберген.
Жарнама