MMA
1 наурыз 2022 10:31

Қазақ спортшы UFC экс чемпионын айқасқа шақырды

©UFC

Ресейлік қазақ Дамир Исмағұлов (23-1) жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Рафаэль дос Аньосты жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz. Ал бразилиялықтың негізгі қарсыласы - Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев коронавирус жұқтырғандықтан айқасқа шыға алмайды. 

Дос Аньос пен қазір Әзірбайжан атынан өнер көрсететін Физиев 5 наурызда өтетін UFC 272 турнирінде жұдырықтасу керек болған

"Салмақ лимитін орындадым және дайынмын, келісімшартқа қол қойсаң болды! Қатты ұрмаймын", - деп жазыпты Исмағұлов Instagram желісінде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport