Единоборства
4 мамыр 2021 09:32
 

Қазақ спортшы нокдаунға түсіп тұрып бразилиялық қарсыласын жеңді

  Пікірлер

blog.share

Қазақ спортшы нокдаунға түсіп тұрып бразилиялық қарсыласын жеңді Сурет: Instagram жеілісінен

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын ресейлік қазақ Ілияс Хамзин (7-2) Екатеринбургте өткен RCC 9 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын ресейлік қазақ Ілияс Хамзин (7-2) Екатеринбургте өткен RCC 9 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ілиястың қарсыласы бразилиялық Джуниор Маркес (10-1) болды. Бірінші раунд соңында Хамзин ауыр соққы өткізіп алып, құлады. Қарсыласы жекпе-жекті аяқтамаққа ұмтылды, алайда, осы сәтте гонг соғылды. 

Осыдан кейін бұл айқас толық үш раунд өтіп, Ілияс төрешілер шешімімен басым түсті. 

Осылайша, ол карьерасында жетінші рет жеңіске жетті. Ал он жеңісі бар бразилиялық екінші рет жеңіліп отыр. 

Хамзин ММА-де 2018 жылдың қыркүйегінде өнер көрсете бастады. Ілияс ең жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Петр Янның командасында екенін айта кетейік. 

Жарнама

Живи спортом!