Қазақ спортшы кейінге шегерілген UFC-дегі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Ресейлік файтер Дамир Ысмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегі кейінге шегерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ресейлік файтер Дамир Ысмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегі кейінге шегерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Біздің айқас 22 мамыр Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night турниріне ауыстырылды. Орын ауысқанымен құлшыныс кеміген жоқ", - деп жазыпты Ысмағұлов Instagram желісінде.
Дамирдің қарсыласы бразилиялық Рафаэль Алвес (19–9). Бастапқыда бұл кездесу 15 мамырға белгіленгенін айта кетейік.
Наурызда Ысмағұлов UFC ұйымымен төрт жекпе-жекке жаңа келісімшарт жасады. Ал шаршы алаңға ол 2019 жыдан бері жарақат салдарынан шықпады.
Спортшы промоушендегі осыған дейінгі үш жекпе-жегінде де жеңіске жетті.
Жарнама